Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.05.2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің көлеміне байланыстырылған және 1,5 пайыздық тармақтан асырылмай ұлғайтылған қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейін өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.»;
бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды. Сыйақының шекті мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және кәсіпкердің жобасы бойынша ЕДБ/ЛК шешімін қабылдау кезінде қолданыста болған базалық мөлшерлеме ескеріледі;»;
бірінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«субсидиялау мерзімі – қоса алғанда 5 жылға дейін, бұл ретте ЕДБ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды ұсына алады.»;
«Бұл ретте мынадай ЖКС жобалары қаржыландыруға жатпайды:
1) кредиттік бюроның деректеріне сәйкес кредит беру немесе кредиттік өтінімді беру сәтінде күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өтіп кеткен несиелік берешегі бар;
2) қаржыландыруды немесе қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-мен, ЛК-мен және АНК-мен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғалар болып табылатын;
3) «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) көрсетілген офшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары және (немесе) акционерлері офшорлық аймақтарда тіркелген;
4) кәсіпкерлер/акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған ЖКС қоспағанда) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген ЖКС.»;
төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтінім беру сәтінде мерзімі өткен салықтық берешегінің болмауы;»;
9-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7 %-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.
ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7,5 %-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және ЕДБ/ЛК шешім қабылдаған күнге 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған ЕДБ кредиттері/ЛК қаржылық лизингі кепілдендіруге жатады. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан аспайды. Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғандағы сомадан аспайтын лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі.»;
12-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
1) субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитті және қаржылық лизингті мақсатты пайдалануын мониторингтеуді;
2) ЕДБ-ға, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ӨДҚ) және АНК-ге берілген қаражаттың мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады;
ЕДБ-ға, ӨДҚ-ға және АНК-ге берілген қаражаттың мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларына сәйкес ЕДБ, ӨДҚ және АНК есебінің негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.»;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (31.01.2023 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасының екі жүз отызыншы, екі жүз отыз бірінші, екі жүз отыз екінші, екі жүз отыз үшінші, екі жүз отыз төртінші, екі жүз отыз жетінші, екі жүз отыз сегізінші, екі жүз отыз тоғызыншы, екі жүз қырықыншы, екі жүз қырық бірінші, екі жүз елу екінші, екі жүз елу үшінші, екі жүз елу төртінші абзацтарын;
2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасының екі жүз отыз бесінші, екі жүз отыз алтыншы, екі жүз қырық төртінші, екі жүз қырық бесінші, екі жүз қырық алтыншы, екі жүз қырық жетінші, екі жүз қырық сегізінші, екі жүз қырық тоғызыншы, екі жүз елуінші, екі жүз елу бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (31.01.2023 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (31.01.2023 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « » № қаулысына
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (31.01.2023 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (31.01.2023 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
5-қосымша
5-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (31.01.2023 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi