Близость слов: Окончание:





Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 тамызда № 15481 болып тіркелді
Редакция 17.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 жылғы № 14 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 120 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қарыз алушылардың және жұмыс істеуге қабылданған шарттардың саны туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс істеуге қабылданған берешектің көлемі туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес есепті кезеңнің соңына мерзімі өткен берешегі бар қабылданған қарыздар (микрокредиттер) туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кредиторлар бөлігінде есепті кезеңнің соңына қабылданған қарыздар (микрокредиттер) туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес шарттар және иеленген берешек бойынша қарыз алушылардың саны туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес иеленген берешектің көлемі туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес есепті кезеңнің соңына мерзімі өткен берешегі бар иеленген талап ету құқықтары туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес кредиторлар бөлігінде есепті кезеңнің соңына қарыздар (микрокредиттер) бойынша иеленген талап ету құқықтары туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталы туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес Коллекторлық агенттіктің есептілікті табыс ету қағидалары бекітілсін. 
2. Коллекторлық агенттік есептілікті электрондық форматта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (коллекторлық агенттіктің орналасқан жері бойынша) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей ұсынады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
Полная версия
ИС BestProfi