Близость слов: Окончание:





Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 ақпанда № 31894 болып тіркелді
Редакция 15.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 27.03.2024 жылғы № 128 Бұйрығына сәйкес (10.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес резидентураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес интернатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес үш тілде дипломға қосымшаның нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес магистр дипломына куәліктің нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес профессор ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары;
Полная версия
ИС BestProfi