Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.07.2023
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 137 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 3 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.06.2023 жылғы № 489 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 152-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының     Премьер-Министрі     Б. Сағынтаев     
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2017 жылғы 27 наурыздағы
 № 137 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 1 наурыздағы
 № 145 қаулысымен
 бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының   тізбесі

Р/с

Тауардың атауы

1

2

1

Бірінші сортты бидай ұны

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

3

Рожки (өлшеніп салынатын)

4

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

6

Картоп

7

Асханалық сәбіз

8

Басты пияз

9

Ақ қауданды қырыққабат

10

Ақ қант - құмшекер

11

Күнбағыс майы

12

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

13

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

14

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

15

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

16

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

17

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

18

Ac тұзы («Экстра» -дан басқа)

19

Сүзбе: майлылығы 5-9%

Полная версия
ИС BestProfi