Близость слов: Окончание:





Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 90/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 наурызда № 32073 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 08.01.2024 жылғы № 7/НҚ Бұйрығына сәйкес (13.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 26.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 08.01.2024 жылғы № 7/НҚ Бұйрығына сәйкес (13.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының
 Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 13 наурыздағы
№ 90/НҚ
Бұйрықпен бекітілген
Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар
1. Осы Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) және геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсаттар беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторын және Бірыңғай байланыс орталығын енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) геодезиялық пункт – жер бетінің нүктесін белгілі бір координаттармен және (немесе) биіктіктермен және (немесе) ауырлық күшінің мәндерімен бекітетін инженерлік конструкция;
Полная версия
ИС BestProfi