Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.10.2023
«Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 225 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 29 қазаннан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.10.2023 жылғы № 903 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларында:
«3. Бірыңғай индустрияландыру картасына өнеркәсіп салаларындағы мемлекеттік ынталандыру шараларын алуды жоспарлайтын өнеркәсіптік-инновациялық жобалар енгізіледі.»;
29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген бірыңғай индустрияландыру картасының өлшемшарттарына сәйкес келмеген кезде бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.»;
«34. Жобалар осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген өлшемшартарға сәйкес келмей қалған және жоба бастамашысы себептерін көрсетіп жобаны іске асырудан бас тартқан жағдайларда өзектілендіру қорытындылары бойынша бірыңғай индустрияландыру картасынан алып тасталады.»;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
1-қосымша
Өнеркәсіптік-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
1-қосымша
Мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық жобалар және (немесе) кәсіпорындар бойынша ақпарат
Полная версия
ИС BestProfi