Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысы
 Редакция 14.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында:
«2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларында:
«4. Консультативтік-кеңесші органдарды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі – Премьер-Министр), оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы (бұдан әрі – Үкімет Аппаратының Басшысы) және Үкіметтің басқа да мүшелері басқарады.»;
«9. Премьер-Министрдің атына консультативтік-кеңесші орган құру туралы ұсыныспен Премьер-Министрдің орынбасарлары немесе Үкімет Аппаратының Басшысы өтініш жасай алады.»;
бесінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарларынан, мемлекеттік органдар аппараттарының басшыларынан төмен емес – Премьер-Министрдің орынбасарлары, Үкімет Аппаратының Басшысы;»;
алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi