1. «Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысанын және оны шығару мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 411 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18633 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
«Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысанын және оны шығару мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 411 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 284 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 наурызда № 32100 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 06.10.2025 жылғы № 573 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 96-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
«2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімді Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жасаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдары шығарады деп белгіленсін.»;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Е. Жамаубаев
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 284 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары–Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 411 бұйрығымен бекітілген
нысан
Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы 20 ___ жылғы «___» ____________ № __ шешім
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 96-бабының 4-тармағына сәйкес
________________________________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)
Әрекетті қарау нәтижелері бойынша (тиісті ұяшықтың бірін X белгісімен белгілейді)
□ Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес
□ Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес
□ Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес
Сізді_____________________________________________________________________________________ (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе салық төлеушінің (салық агентінің) толық атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))
20___ жылғы «____»________№____________ камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығарылғаны туралы хабарлайды:
_________________________________________________________________________________________ (камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім қабылдауға негіз болған себептер мен негіздемелер егжей-тегжейлі көрсетіледі)
Салық кодексінің 96-бабының 4-1-тармағына сәйкес осы шешіммен келіспеген жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) Салық кодексінің 96-бабында белгіленген мерзімде, жоғары тұрған органға және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Бұл ретте шағымның көшірмесін салық төлеуші (салық агенті), шешім қабылданған салық органына жіберілуге тиіс.
Салық кодексінің 96-бабында айқындалған тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасы орындалмаған кезде Салық кодексінің 145-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тақырыптық салықтық тексеру жүргізу көзделгені туралы қосымша хабардар етеміз. («Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері реестірінді № 16479 тіркелген.
Орган басшысы Мемлекеттік кірістер немесе уәкілетті тұлға басшы _____________ _________________ (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса))
(мөр орны)
Шешімді алдым ____________________________________________________________ (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы, қолы, күні)
|
Шешім салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді (мемлекеттік кірістер органның лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні) |
Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы:_____________________________ мекенжайы: _______________ _______________ ___________________________ |
|
Шешім салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілді ___________________________________ ______________________ (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат) |
Полная версия

