Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 сәуірде № 32233 болып тіркелді
«Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 270) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2025 жылғы № 229/НҚ Бұйрығына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 09.02.2026 жылғы № 61/НҚ Бұйрығына сәйкес (16.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 12-тармағына, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық кеңістіктік деректер қоры (бұдан әрі – Қор) мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды.
Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектілендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.