Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 242 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 сәуірде № 32284 болып тіркелді
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республика Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Карабаев
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 242 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған тізбесі
1. «Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11870 болып тіркелген).
2. «Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 631 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11847 болып тіркелген).
3. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілген кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16901 болып тіркелген).
4. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 964 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілген кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18146 болып тіркелген).
5. «Экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелер есебінің қағидалары мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18313 болып тіркелген).
6. «Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 281 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20632 болып тіркелген).
7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 321 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23280 болып тіркелген).
8. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 13 мамырдағы № 268 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілген кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28106 болып тіркелген).
Полная версия
ИС BestProfi