«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 309 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 мамырда № 32404 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Карабаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 309 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын (бұдан әрі - түпкілікті пайдаланушының сертификаты) және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын (бұдан әрі - халықаралық импорттық сертификат) ресімдеу және біліктілік талаптары, сондай-ақ «Түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және халықаралық импорттық сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуін айқындайды.
2. «Түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және халықаралық импорттық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) кепілдік міндеттеме – импортталатын тауарларды мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оларды экспорттаушы елдің және (немесе) шығарылған елдің құзыретті органының рұқсатынсыз үшінші елдерге немесе үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу туралы оның құзыретті органы берген алушы елдің ресми куәлігін қамтитын құжат;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты –импорттаушы экспорттаушы елдің және (немесе) шыққан елдің және уәкілетті органның тиісті рұқсатын алмай, тауарларды импорттауға және оларды үшінші елдерге немесе үшінші тұлғаларға беруге жол бермеуге міндеттенетіні туралы уәкілетті органның растамасын қамтитын құжат;
Полная версия