Близость слов: Окончание:





Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 308 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 мамырда № 32403 болып тіркелді
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидалары және біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Карабаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 28 сәуірдегі
№ 308 бұйрығына
1-қосымша
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидалары және біліктілік талаптары
1. Осы Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру Қағидалары және біліктілік талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру тәртібін және біліктілік талаптарын, сондай-ақ «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуді айқындайды.
2. «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) өзіндік ерекшелігі бар тауарлар – қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар;
2) транзит – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу;
Полная версия
ИС BestProfi