Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.05.2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 342 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2021 − 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында айқындалған және осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесіне және осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесіне сәйкес жобаларды іске асыратын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ЖКС нысаналы тобы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатынн «3», «4» және «5» жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзіммен 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Бұл шарт осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.»;
«9. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:
Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
ЖКС-ның ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.
Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 11,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.
ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.
Инвестицияларға бағытталған кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайды.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды.
Осы тетікке 4-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі осы тармақтың сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды.
Бұл ретте экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі экономиканың тиісті салаларына жетекшілік ететін уәкілетті органдардың жобалардың қаржылық орнықтылығы, орташа рентабельділігі, капитал сыйымдылығы және экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесіне енгізуге ұсынылатын ЭҚЖЖ бойынша кредиттерді қайтармау тәуекелдері бойынша талдау қорытындылары бар ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Осы тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.
ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі, әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын «3», «4» және «5» жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларды қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады. Бұл шарт осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.
Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.».
басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшамен толықтырылсын;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (28.04.2023 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілетін және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Басым жобаларға кредит
беру және қаржылық
лизинг тетігіне
2-қосымша
Агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесі

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Р/с №

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

5


 

АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

1.

Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну

1.

Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ дақылдарды және майлы тұқымдарды өсіру

0111

2.

Күріш өсіру

0112

3.

Көкөністер мен бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру

0113

4.

Тоқыма дақылдарды өсіру

0116

5.

Өзге де бір немесе екіжылдық дақылдарды өсіру

0119

6.

Жүзімді өсіру

0121

7.

Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру

0124

8.

Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру

0125

9.

Сүтті бағыттағы ірі қара малды өсіру

0141

10.

Өзге де ірі қара малды және енекелерді көбейту

0142

11.

Жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдастарды өсіру

0143

12.

Түйелерді және өзге де түйе тектес жануарларды өсіру

0144

13.

Қойларды және ешкілерді өсіру

0145

14.

Шошқаларды өсіру

0146

15.

Ауыл шаруашылығы құстарын өсіру

0147

16.

Жануарлардың өзге түрлерін өсіру

0149 1

17.

Астықты өңдеу жөніндегі қызмет

0163

2.

Балық аулау

18.

Тұщы суда балық аулау

0312

19.

Теңізде балық өсіру

0321

20.

Тұщы суда балық өсіру

0322

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ

3.

Тамақ өнімдерін өндіру

21.

Тамақ өнімдерін өндіру

10 2

4.

Сусындар өндіру

22.

Спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру

1101 3

23.

Уыт өндіру

1106

24.

Минералды суларды және басқа да алкогольсіз сусындарды өндіру

1107

5.

Тоқыма бұйымдарын өндіру

25.

Тоқыма бұйымдарын өндіру

13

6.

Киім өндіру

26.

Үлбірден тігілген киімді қоспағанда, киім өндіру

14.1

27.

Тоқылған және трикотаж киімдер өндіру

14.3

7.

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

28.

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

15

8.

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

29.

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

16

9.

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

30.

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

17

10.

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

31.

Полиграфиялық қызмет және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну

18.1

11.

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

32.

Мұнай өңдеу өнімдерін, шымтезек пен көмірден брикеттер өндіру

19.2

12.

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

33.

Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштарды және азот қоспаларын, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру

20.1 4

34.

Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру

20.2

35.

Бояулар, лактар және осыған ұқсас бояғыш заттар, баспаханалық бояулар мен мастикалар өндіру

20.3

36.

Сабын, жуу, тазалау, жылтырату, парфюмерлік және косметикалық құралдар өндіру

20.4

37.

Сіріңке өндіру

20512

38.

Желім өндіру

2052

39.

Эфир майларын өндіру

2053

40.

Фотоматериалдар өндіру

20591

41.

Желатин өндіру

20592

42.

Тоқыма бұйымдарын әрлеуде пайдаланылатын материалдарды өндіру

20593

43.

Техникалық көміртекті (күйе), көміртекті нанотүтікшелерді, наноталшықтарды және басқа көміртекті наноматериалдарды өндіру

20594

44.

Басқа химиялық өнімдер өндіру

20599

45.

Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру

2060

13.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

46.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

21

14.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

47.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

22

15.

Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру

48.

Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру

23

16.

Металлургия өндірісі

49.

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру

2410

50.

Болаттан құбырлар, түтіктер, қуыс профильдер, фитингтер өндіру

2420

51.

Салқындай сымдау

2431

52.

Суықтай қалыптау немесе ию

2433

53.

Суықтай сымдау арқылы сымдар өндіру

2434

17.

Машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдарын өндіру

54.

Металл есіктер мен терезелер өндіру

2512

55.

Орталық жылыту радиаторлары мен бу қазандықтарын өндіру

2521

56.

Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия

25.5

57.

Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар жалату; машина жасаудың негізгі технологиялық процестері

25.6

58.

Пышақ бұйымдарын, аспаптарды және темір бұйымдарын өндіру

25.7

59.

Өзге де дайын металл бұйымдарын өндіру

25.9 5

18.

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

60.

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

26 6

19.

Электр жабдықтарын өндіру

61.

Электр жабдықтарын өндіру

27

20.

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

62.

Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру

2812

63.

Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру

2814

64.

Лифт өндіру

28224

65.

Офистік техниканы және жабдықты өндіру (компьютерлер мен перифериялық жабдықты қоспағанда)

2823

66.

Механикаландырылған қол аспаптарын өндіру

2824

67.

Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру

2825

68.

Басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтарды өндіру

2829

69.

Ауылшаруашылық машиналарын өндіру

28302

21.

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

70.

Автомобильдер өндіру

29.1

71.

Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру

29201

72.

Автомобильдердің бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру

2932

22.

Өзге де көлік құралдарын өндіру

73.

Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрамды өндіру

30.2

23.

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

74.

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

30.9

24.

Жиһаз өндіру

75.

Жиһаз өндіру

31

25.

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

76.

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

32

26.

Электр энергиясын өндіру

77.

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35112

78.

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35114

79.

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35115

80.

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35119

1   Ара өсіру, бал және ара балауызын өндіру жобалары ғана қаржыландырылады.
2   Оның ішінде: айран, консервіленбеген қойылтылған сүт, дән түйіршіктерін, глюкоза-фруктоза шәрбатын, қарақұмық өндіру, сондай-ақ картопты өнеркәсіптік тазалауды және шай мен кофе өндіруді қоспағанда, картопты өңдеу және консервілеу.
3   Спирттік ішімдіктер өндіретін мекемелерді салу және (немесе) реконструкциялау, жаңғырту.
4   Оның ішінде: дезинфекциялау құралдарын, зарарсыздандырғыштарды өндіру.
5   Оның ішінде асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған бөшкелер, барабандар және басқа да ыдыстар өндіру.
6   Оның ішінде: өкпені жасанды желдету аппаратын; медициналық мақсаттарда пайдаланылатын өзге де электр және электрондық жабдықтарды; діріл-акустикалық аппараттарды; медициналық білезіктерді; пациенттің мониторларын; телекардиографтарды; диализаторларды өндіру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Басым жобаларға кредит
беру және қаржылық
лизинг тетігіне
3-қосымша
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі

Р/с

Тауарлар тобының атауы

Р/с

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

5

ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ КАРЬЕРЛЕРДІ ҚАЗУ

1.

Көмір өндіру

1.

Тас көмірді байыту

05103 1

Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру

2.

Тұз өндіру

0893

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ; ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ, ЛАСТАНУДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ

2.

Суды жинау, өңдеу және тарату

3.

Суды жинау, өңдеу және тарату

36

3.

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

4.

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

3811

КӨЛІК ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАУ

4.

Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі

5.

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

4939 2

5.

Жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі

6.

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

52 3

6

Жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі

7.

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

5210 4

ТҰРУ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

7.

Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету

8.

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

5510 5

9.

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

5520 5

10.

кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

5530 5

11.

Тұруға арналған өзге де орындардың көрсетілетін қызметтері

5590 6

АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

8.

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер

12.

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

6201

9.

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

13.

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

63

БІЛІМ БЕРУ

10.

Білім беру

14.

Білім беру

85 7

15.

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері

85.59

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

11.

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

16.

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

86 8

2   Тау шаңғысы курорттарын салу, егер конвейерлер, арқанды жолдар, тау шаңғысы және арқанды көтергіштері қалалық және қалааралық көлік тасымалы жүйесіне кірмесе, оларды басқару.
3   Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу.
4   Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру, көкөніс және жеміс қоймаларын салу.
5   Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), «Медеу» мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.
6   Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау.
7   Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.
8   Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жарақтандыру, сондай-ақ санаториялық-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
3-қосымша
Басым жобаларға кредит беру
және қаржылық лизинг тетігіне
4-қосымша
Экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі

Р/с

Экономикалық қызмет түрлерініңжалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

1.

Сүтті мал тұқымын өсіру

01410

2.

Құс шаруашылығы

01471

3.

Етті өңдеу және консервілеу

10110

4.

Ауылшаруашылығы құсының етін өңдеу және консервілеу

10120

5.

Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндіру

10130

6.

Сүт өңдеу және ірімшік жасау

10511

7.

Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндіру

10910

8.

Тоқыма талшықтарын дайындау және иіру

13102

9.

Ағаштан шпон, фанералар, тақтайлар және панельдер өндіру

16210

10.

Қағаз және картон өндіру

17120

11.

Бедерленген қағаз және картон өндіру

17211

12.

Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын өндіру

17220

13.

Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар өндіру

20151

14.

Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру

20200

15.

Бояулар, лактар, эмальдар және оларға арналған минералды пигменттер өндіру

20301

16.

Сабын және жуу, тазалау және жылтырату құралдарын өндіру

20410

17.

Басқа химиялық өнімдер өндіру

20599

18.

Фармацевтикалық препараттар өндіру

21201

19.

Жұмсақ жабындық және гидрооқшаулау материалдарын өндіру

23993

20.

Отыруға арналған орындықтарды және басқа да жиһазды қоспағанда, офистер мен сауда кәсіпорындары үшін жиһаз өндіру

31012

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (28.04.2023 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
5-қосымша
5-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (28.04.2023 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
6-қосымша
6-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (28.04.2023 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
7-қосымша
7-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (28.04.2023 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi