Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 136-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 маусымда № 32724 болып тіркелді
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2024 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбір бұйрықтары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрге жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дуйсенова
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығына 1 қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 136 бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімін (бұдан әрі – ұйымдар тіркелімі) әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйымдардың тіркелімі - жергілікті атқарушы органмен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан ұйымдардың электрондық тізілімі;
2)арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер (бұдан әрі – жеткізушілер) – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы - осы Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген сома шегінде құнын өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру обьектісі;
4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Ұйымдардың тіркелімі Кодекстің 12 бабына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін әлеуметтік қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларына (бұдан әрі – Жіберу қағидалары) сәйкес жеткізушілер ұсынған деректердің негізінде электрондық түрде қалыптастырылады.
2-тарау. Ұйымдардың тіркелімін қалыптастыру
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік қызметтер порталында мыналардың негізінде қалыптастырылады:
заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен жасалған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы күшіне енген шарт (жеке және үкіметтік емес ұйымдар үшін);
қаржыландыру жоспары (коммуналдық мемлекеттік мекемелер үшін).
5. Ұйымдар тіркелімі мынадай:
1) ұйымның атауы;
2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) ұйым бөлімшесінің типі;
4) ұйым бөлімшесінің түрі;
5) ұйым бөлімшесінің атауы;
6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мекенжайы;
7) байланыс деректері (мобильді телефон, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефоны, сайт (бар болса));
8) Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында көзделген көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету нысандары бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған орындардың саны туралы мәліметтерді қамтиды;
10) тіркелімге енгізілген күні;
11) тіркеуден алынған күні;
12) тіркеуден алу себебі.
6. Өнім берушінінің келісімімен ұйымдардың тіркелімінде қамтылған мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады.
3-тарау. Өнім берушіні Тіркелімнен шығару тәртібі
7. Өнім берушіні Тіркелімнен шығару Жіберу қағидаларына сәйкес жеткізуші тіркеуден шығарылғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.
Өнім берушіні порталда тіркеуден шығару кезінде жеткізушілер тіркелімінде және (немесе) мамандар тізілімінде тіркеуден шығару күні мен себебі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларына қосымша
Нысан
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі
№ |
Ұйымның атауы |
бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
Ұйым бөлімшесінің түрі |
Ұйым бөлімшесінің түрі |
Ұйым бөлімшесінің атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мекенжайы |
Байланыс деректері (мобильді телефон, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефоны, сайт (бар болса)); |
Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері |
Орын саны |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Тіркелімге енгізілген күні |
Тіркеуден алынған күні |
Тіркеуден алу себебі |
11 |
12 |
13 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығына 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының және құрылымдық элменттерінің күші жойылды деп тану туралы
1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17469 болып тіркелген).
2. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 10 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26516 болып тіркелді).
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 7-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29785 болып тіркелді).
Полная версия