«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 маусымда № 32735 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты, осы бұрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18273 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 7 маусымдағы № 109 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32-тармағына сәйкес әзірленді және токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен қағидаттарды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) анатомиялық-терапиялық-химиялық жіктеу - дәрілік заттарды жіктеудің халықаралық жүйесі;
2) антидот – нақты химиялық заттың уытты әсеріне (әсерлеріне) қарсы әсер ету үшін қолданылатын терапиялық зат;
3) детоксикация – организмнен эндоген немесе экзоген текті уытты заттарды шығаруға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені;
4) ақпараттық – іздестірудің токсикологиялық жүйесі – бұл химиялық заттар, олардың адам ағзасына әсері, уланушыларды диагностикалау және емдеу туралы құрылымдалған ақпараттың үлкен ауқымын өңдеу, сақтау, іріктеу, сүзгілеу және іздеу үшін қолданбалы компьютерлік орта;
Полная версия

