«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 маусымда № 32746 болып тіркелді
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі А. Ескараев
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 9 маусымдағы № 367 Бұйрығына 1- қосымша
Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтары мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық зерттеп-қарау жүргізілуін нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынандай терминдер пайдаланылады:
1) акведук - ерекше мақсаттағы жасанды құрылыс, оның ішінде кеме қатынасына арналған көпір арналар, суару арнасы немесе су құбырына суағындысына арналған көпірлер, лотоктар;
2) арзан құнды құрылыс - күрделі құрылыстарда пайдаланылмайтын, уақытша сипаттағы, тозығы жеткен, жартылай бұзылған (тарихи және сәулеттік ескерткіштерден басқа) материалдардан салынған құрылыс; жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортына енгізілмейді (бұдан әрі - кадастрлық паспорт), алайда толық сипаттамасымен абристе көрсетіледі;
3) балкон - ғимарат қасбетінде орналасқан, тіреуіш қанаттармен қоршалған алаң;
4) виадук - үлкен жыраны, шатқалды, алапты өткен кездегі салынған жасанды құрылыс;
5) вестибюль - үздіксіз келушілерді қабылдауға және бөлуге арналған, тұрғын және тұрғын емес құрылыстың ішкі бөлігіне кірер алдындағы үй-жай;
6) дамба - суды уақытша ұстауға, су ағысы бағытын тосқауылдауға арналған, құрылуы бойынша жер бөгетіне ұқсас гидротехникалық құрылыс;
7) дюкер - кішкентай су ағандысын өткізу үшін соғылатын жасанды құрылыс, мысалы суаруарнасы, арық;
Полная версия