Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 маусымда № 32782 болып тіркелді
Редакция 01.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бектілсін.
2. «Қазақстан Республикасы оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №1054 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14662 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Реcпубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 115 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Осы Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес әзірленді және балалар мен ересектерге оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын анықтамалар:
1) медициналық ұйым (бұдан әрі - МҰ) - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
2) медициналық көмек - дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені;
3) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) – жеке тұлға, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін аурулар мен жағдайлардың алдын алуды, диагностикалауды, емдеуді қоса алғанда, халықтың қажеттіліктеріне бағытталған медициналық көмекке бірінші рет қол жеткізу орны;
Полная версия
ИС BestProfi