Близость слов: Окончание:





Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 маусымда № 32831 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 15-бабының 5) тармақшасына және 226-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі белгіленсін.
1) сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейі сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1,5 (бір жарым) пайызынан және әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайтын мөлшерде;
2) сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесі кемінде 7 (жеті) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
4. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы     М. Абылкасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 45 Қаулыға
1-қосымша
 20___жылғы «__» ________№ ______________ зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты
 Сақтандыру ұйымы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру ұйымының филиалы ___________________________________________________________________ (сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент- ___________________________________________________________________ _ сақтандыру ұйымы филиалының толық атауы және орналасқан жері) бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталады, Жарғы (Ереже), қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган «өмірді сақтандыру» саласы бойынша «Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берген 20___жылғы «____» ___________ №______ лицензия және Сақтандырушы бекіткен «Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары негізінде іс-әрекет жасайтын ____________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)), арқылы бір жағынан, және Жеке тұлға (Жеке тұлғалар) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)), ____________________________________________________________________ туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат, ____________________________________________________________________, (сериясы, нөмірі) ____________________________________________________________________ _____ жылы «_____»___________________________________________берген, (берілген күні) (кім берген) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)), ____________________________________________________________________ туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат, ___________________________________________________________________, (сериясы, нөмірі) ____________________________________________________________________ _____ жылы «_____»___________________________________________ берген, (берілген күні) (кім берген) бұдан әрі «Сақтанушы» немесе «Сақтанушылар» (екінші сақтанушы болған кезде) деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталады, төмендегілер туралы осы Зейнетақы аннуитеті шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады:
Полная версия
ИС BestProfi