Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы
  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 842 бұйрығы
Редакция 02.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 44-бабының 3-бөлігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 22-тармағы 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 784 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 842 бұйрығына
қосымша
 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында 
 міндеттерді бөлу  
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) басшылығы өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
1. Министрліктің, ведомстволардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына басшылықты және бақылауды жүзеге асырады.
3. Денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастырады.
4. Министрлік алқасының жұмысын үйлестіреді.
5. Қазақстан Республикасының Президентімен, Парламентімен және Үкіметімен, сондай-ақ Конституциялық Кеңесімен және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қарым-қатынастарда Министрліктің мүддесін білдіреді.
6. Заңнамада көзделген құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.
7. Ведомстволардың құзыреті және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
8. Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша өз қызметінде оның бақылауындағы ведомство төрағаларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
9. Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, аппарат басшысының келісуі бойынша ведомство басшысының тағайындау үшін ұсынатын ведомстволардың төрағалары орынбасарларының кандидатураларын келіседі.
Полная версия
ИС BestProfi