Близость слов: Окончание:





Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 шiлдеде № 33048 болып тіркелді
Редакция 05.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
1) «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 246 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18632 болып тіркелген);
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 500 бұйрығының 2-тармағы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 маусымда № 23026 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице - министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. Б. Жакселекова
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2023 жылғы 5 шілдедегі
№ 464 Бұйрығымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеудің қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 29.02.2024 жылғы № 172 Бұйрығына сәйкес (05.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 14.06.2024 жылғы № 509 Бұйрығына сәйкес (29.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.06.2024 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 16.05.2025 жылғы № 272 Бұйрығымен (14.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 30.05.2025 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (16.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеудің, келісудің және мемлекеттік тіркеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 18-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 263) тармақшасына сәйкес әзірленді және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу Заңның және осы Қағидалардың нормативтік құқықтық актілерінің әзірленген жобаларының жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру, қоғамдық кеңестің ұсынымдарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын, заңнамамен көзделген өзге де қорытындыларын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға, соның ішінде деректемелер ретінде жіберуге қатысты талаптарын ескере отырып, сондай-ақ, әділет органдарын осындай актілердің қабылданғаны туралы хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
2-тарау. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу тәртібі
3. Жоғары тұрған заңнамада нормативтік құқықтық актіні қабылдау құзыретінің болуы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге бастамашылық жасау үшін негізгі шарт болып табылады.
Бұл ретте нормативтік құқықтық актіні қабылдау құзыреті Заңның 24-бабының 1-тармағы мен 34-бабының 3-тармағы ескеріле отырып айқындалады.
Полная версия
ИС BestProfi