Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысы
Осы тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Үкіметінің 27.03.2024 жылғы № 228 Қаулысына сәйкес (өзгерту 08.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » . № қаулысымен бекітілген
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.11.2025 жылғы № 939 Қаулысына сәйкес (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.03.2024 жылғы № 228 Қаулысына сәйкес (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Әлеуметтік кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2-1) интернет-платформаның операторы (бұдан әрі – оператор) –интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 945 Қаулысына сәйкес (өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есепке жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 945 Қаулысымен (16.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2025 жылғы № 939 Қаулысымен (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі – салық агенттері) жұмыстарды орындауды (қызметтер көрсетуді) көздейтін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады.
Қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті Әлеуметтік кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көрсетілген интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдаланып жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде оператор қарастырылады.
4) өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар – Әлеуметтік кодекстің 101-1-бабында көрсетілген тұлғалар.
2-тармақ 4-тармақшапен толықтырылды ҚР Үкіметінің 07.11.2025 жылғы № 939 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында агент ретінде есепке алынуға тиіс.
4. Агенттер жұмыскерлерге төленетін кірістерден, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқан жеке тұлғалардың кірісінен ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептеп, ұстап қалады және оларды БЖЗҚ-ға аударады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.09.2024 жылғы № 749 Қаулысымен (27.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2025 жылғы № 939 Қаулысымен (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия

