Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 677 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 469 қаулысының 2-тармағы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 105 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 3-тармағы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау туралы» 2021 жылғы 8 шiлдедегi № 469 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 183 қаулысы.
Полная версия
ИС BestProfi