Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-8) тармақшасына және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 4-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 16 тамыздағы № 303 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 21 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 тамызда № 33322 болып тіркелді
Редакция 18.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және әділет вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы __________А. Муканова Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы __________Е. Тасжуреков
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 21 тамыздағы № 602 мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 16 тамыздағы № 303 бірлескен бұйрығымен бекітілген
«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары
I. Жалпы ережелер
1. Осы «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-8) тармақшасына және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-1-бабы 4-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.02.2024 жылғы № 78 және ҚР Әділет министрінің 01.03.2024 жылғы № 190 Бірлескен бұйрығына сәйкес (16.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 18.03.2024 жылдан бастап)
2) «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) – жүргізілуі Кодексте және Заңда айқындалатын,жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;
3) жария кадастрлық карта – Қазақстан Республикасының жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) өзге де ұйымдардың мәліметтерін қамтитын цифрлық карта;
4) ЖМБМК АЖ әкімшісі – Оператордың ЖМБМК АЖ пайдаланушыларын сүйемелдеуге және қолдауға жауапты қызметкері;
Полная версия

