Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 214-бабынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2025 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (19.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 25.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2025 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (19.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулығақосымшағасәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2025 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (19.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 214-бабына сәйкес әзірленді және әскери қызметшілердің, арнайы атақтар немесе сыныптық шендер берілген не біліктілік сыныптары белгіленген құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтарғы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторы мен мекемесінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2025 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (19.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде өзгеше белгіленбесе, еңбек сіңірген жылдар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен есептеледі.
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы (бұдан әрі – Қарулы Күштер) мерзімді және келісімшарт әскери қызметі және бұрынғы КСРО-дағы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердегі және ТМД Біріккен Қарулы Күштеріндегі міндетті әскери қызмет, міндетті мерзімді әскери қызмет;
2) қорғанысқа жәрдемдесу қоғамының оқу-жаттығу ұйымында ұшқыш құрамының запастағы офицерлеріне оқып-үйретілген әскери қызметке шақырылған адамдардың практикалық ұшу даярлығында болған уақыты – 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап;
3) әскери-құрылыс жасақтарындағы (бөлімдеріндегі) әскери құрылысшылар ретіндегі қызмет;
4) әскери қызметші күйеуінің одан әрі әскери қызмет өткеруіне (оқуға түсуіне) байланысты шетелге кеткен әскери қызметші әйелдердің шетелде болған уақыты;
5) бұрынғы КСРО-ның және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарында әскери қызметші лауазымдарындағы, ал 1955 жылғы 1 қазанға дейін – бұрынғы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бекіткен лауазымдар тізбесі бойынша жедел, жетекші және басшы құрамының лауазымдарындағы, ал басқа да лауазымдарда – әскери немесе арнайы атақ берілген күннен бастап; 1955 жылғы 1 қазаннан бастап – әскери қызметші лауазымдарындағы қызмет;
6) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет;
7) прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі, оның ішінде бұрынғы КСРО-ның және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің, бұрынғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетіндегі және қаржы полициясындағы (салық полициясындағы (милициясындағы) (оның ішінде тағылымдамашы лауазымдарындағы) қызмет – лауазымға тағайындалған күннен бастап;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2025 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (19.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1) құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын аяқтаған және адамды құқық қорғау органында, азаматтық қорғау органында лауазымға тағайындаған жағдайда оларда бастапқы кәсіби даярлықтан өту уақыты;
7-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2025 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (19.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия

