Близость слов: Окончание:





Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысы
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 214-бабынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларыбекітілсін.
2. Осы қаулығақосымшағасәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары
1. Осы Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 214-бабынасәйкес әзірленді және әскери қызметшілердің, арнайы атақтар немесе сыныптық шендер берілген не біліктілік сыныптары белгіленген құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтарғы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторы мен мекемесінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу тәртібін айқындайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде өзгеше белгіленбесе, еңбек сіңірген жылдар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен есептеледі.
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы (бұдан әрі – Қарулы Күштер) мерзімді және келісімшарт әскери қызметі және бұрынғы КСРО-дағы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердегі және ТМД Біріккен Қарулы Күштеріндегі міндетті әскери қызмет, міндетті мерзімді әскери қызмет;
2) қорғанысқа жәрдемдесу қоғамының оқу-жаттығу ұйымында ұшқыш құрамының запастағы офицерлеріне оқып-үйретілген әскери қызметке шақырылған адамдардың практикалық ұшу даярлығында болған уақыты – 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап;
3) әскери-құрылыс жасақтарындағы (бөлімдеріндегі) әскери құрылысшылар ретіндегі қызмет;
4) әскери қызметші күйеуінің одан әрі әскери қызмет өткеруіне (оқуға түсуіне) байланысты шетелге кеткен әскери қызметші әйелдердің шетелде болған уақыты;
5) бұрынғы КСРО-ның және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарында әскери қызметші лауазымдарындағы, ал 1955 жылғы 1 қазанға дейін – бұрынғы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бекіткен лауазымдар тізбесі бойынша жедел, жетекші және басшы құрамының лауазымдарындағы, ал басқа да лауазымдарда – әскери немесе арнайы атақ берілген күннен бастап; 1955 жылғы 1 қазаннан бастап – әскери қызметші лауазымдарындағы қызмет;
6) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет;
7) прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, оның ішінде бұрынғы КСРО-ның және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің, бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитеті және қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы) органдарындағы (оның ішінде тағылымдамашы лауазымдарындағы) қызмет – лауазымға тағайындалған күннен бастап;
7-1) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өту уақыты, оны аяқтаған және адамды құқық қорғау органында лауазымға тағайындаған жағдайда;
Полная версия
ИС BestProfi