Близость слов: Окончание:





Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 19963 болып тіркелд
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 36) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 15.01.2021 жылғы № 4 Бұйрығына сәйкес (24.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 27.08.2022 жылғы № 20 Бұйрығына сәйкес (09.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 24.07.2023 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (15.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Сауда базарлары туралы есеп» (индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Сауда базарлары туралы есеп» (индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.06.2025 жылғы № 15 Бұйрығына сәйкес (18.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.06.2025 жылғы № 15 Бұйрығына сәйкес (18.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша алынып тасталды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 27.08.2022 жылғы № 20 Бұйрығына сәйкес (09.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша алынып тасталды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 27.08.2022 жылғы № 20 Бұйрығына сәйкес (09.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара тауарлар саудасы туралы есеп» (индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
12) «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара тауарлар саудасы туралы есеп» (индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
13) «Электрондық коммерция туралы есеп» (индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
14) «Электрондық коммерция туралы есеп» (индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1) «Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 166 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16020 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған);
Полная версия
ИС BestProfi