Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2024
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 4-Ө бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 05.08.2024 жылғы № 129-НҚ Бұйрығына сәйкес 
Редакция 07.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына және «Мемлекеттік заңды тұлғалардың кейбірелеулерінің атын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі №3-Ө бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
1) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 8-ө бұйрығы;
2) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 1 тамыздағы № 8-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 23 ақпандағы № 39-Ө бұйрығы;
3) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 1 тамыздағы № 8-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 11 қазандағы № 405-Ө бұйрығы.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрінің
 2023 жылғы «__»_______ №_____
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ереже
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
Полная версия
ИС BestProfi