Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.10.2023
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысыың 2019 жылғы 1 тамыздағы № 8-Ө бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 06.10.2023 жылғы № 4-Ө Бұйрығына сәйкес 
Редакция 11.10.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тарамағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
 Қазақстан Республикасы
 Экология, геология және
 табиғи ресурстар министрлігі
 Жауапты хатшысының
2019 жылғы 1 тамыздағы
​ № 8-Ө бұйрығымен
 бекітілді
 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті туралы ереже
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік орган және оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен жүктелген су қорын пайдалану және қорғау саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет Министрлікке ведомстволық бағынысты, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Полная версия
ИС BestProfi