«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 Қаулысы
Редакция 18.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 10.07.2024 жылғы № 541 Қаулысына сәйкес (23.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 01.02.2024 жылғы № 58 Қаулысына сәйкес (25.01.2024 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.07.2024 жылғы № 540 Қаулысына сәйкес (23.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация аясындағы (бұдан әрі – реттелетін сала) бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруда және іске асыруда, басқару процестерін үйлестіруде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.07.2024 жылғы № 540 Қаулысына сәйкес (23.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Полная версия