Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн және оларды ұсыну қағидаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 258 қаулысы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 19834 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес банк конгломераты қатысушыларының салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша сараланған активтерінің, шартты және ықтимал талаптары мен міндеттемелерінің таратылып жазылуы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына, заңды тұлғалардың реттелген борышына салымдар болып табылатын инвестициялар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушы заңды тұлғаларының меншікті капиталына есепті кезеңде жүзеге асырылған, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы өзге салымдар бойынша мәліметтер жинау жөніндегі есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес есепті күнгі жағдай бойынша банк конгломераты қатысушыларының бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес банк конгломератының есепті кезең ішінде жасасқан, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы топішілік мәмілелері бойынша мәліметтер жинау жөніндегі есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес банк конгломераты қатысушыларының үшінші тұлғалар алдындағы, банк конгломераты меншікті капиталының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын, есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы міндеттемелері туралы мәліметтер жинау жөніндегі есептің нысаны;
2) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырдан (қоса алғанда) кешіктірмей жыл сайын ұсынады;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.