Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысы
Редакция 14.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетіне және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
1) Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомстволары республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясында) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органдар болып айқындалсын.
4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне және оның ведомстволарына берсін.
6. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі; сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі; аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар; әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар; автомобиль жолдары салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті;
Полная версия
ИС BestProfi