БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 наурызда № 34096 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22434 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы»;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 351-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
«1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің қоса беріліп отырған нысаны бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Қазақстан Репсубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 29 ақпандағы № 115 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Кімге: «Бірыңғай
жинақтаушы
зейнетақы қоры»
акционерлік қоғамы
(бұдан әрі – «БЖЗҚ»
АҚ) (атауы)
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстау туралы ӨТІНІШ
|
Тегі |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Аты |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Әкесінің аты (ол болған кезде) |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жеке сәйкестендіру нөмірі |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Резиденттігі: |
резидент |
бейрезидент |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі кезінде жеке табыс салығын (бұдан әрі – ЖТС) ұстауды және аударуды жүзеге асыруды сұраймын (керегін белгілеу): |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
зейнет жасына жеткен кезде «БЖЗҚ» АҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес ай сайын он алты жылдан аспайтын мерзімге тең үлестермен |
|
біржолғы зейнетақы төлеу кезінде толық көлемде |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Артық ұсталған ЖТС есептеу, ұстау және (немесе) қайтару мәселесі бойынша «БЖЗҚ» АҚ-ға 1418 нөмірі (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін) арқылы не www.enpf.kz корпоративтік сайтында көрсетілген «БЖЗҚ» АҚ офистерінің мекенжайлары мен байланыс деректері арқылы хабарласу керек екенінен хабардармын. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Байланыс деректері: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
ұялы нөмірі: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
электрондық мекенжайы: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
№ |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
күні |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
(күн, ай, жыл) |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылды |
||||||||||||||||||||||||||||||||

