БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2025
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 мамырда № 34323 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Н. Байбазаров
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бұйрықпен бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10685 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) компания – акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
2) қызметтің түйінді көрсеткіші – даму жоспарының мақсатына қол жеткізу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін сандық тұрғыдан өлшенетін көрсеткіш;
3) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) – Заңның 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
4) электрондық есеп – Тізілімнің веб-порталында дайындалған және ұлттық куәландырушы орталық берген компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын даму жоспарының орындалуы жөніндегі есеп.»;
«5. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу және бекіту жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Полная версия

