БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 284 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 мамырда № 34365 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5962 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.»;
«1. Осы Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 122-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізудің тәртібін анықтайды.»;
8-тармақта:
«осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналық қаржыландыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор), Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шотын, Арнаулы мемлекеттік қор шоты, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнаулы шоты, Еуразиялық экономикалық одақтың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттары, мемлекеттік сатып алу шоттарын, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотын, соманы анықтауға дейінгі шотты, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотын есепке алуға арналған);»;
«осы Қағидалардың 23-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоттан Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне (бұдан әрі – Ұлттық банк) орналастырылған уақытша бос бюджеттік қаражаттар (депозиттер) бойынша анықтаманы есепке алу;»;
«Қазынашылық комитетінің балансы БҚШ, республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ, сыртқы қарыздар шотындағы, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, нысаналы қаржыландыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Ұлттық қордың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың шоттарындағы, Арнаулы мемлекеттік қор шоты, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнаулы шоты, Еуразиялық экономикалық одақтың шотындағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының, мемлекеттік сатып алу шоттарындағы, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотындағы, шетел валютасының шоттарындағы, соманы анықтауға дейінгі шоттардағы, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотындағы, есеп айырысулардағы ақша бойынша, жергілікті бюджет жетіспеушіліктері бойынша (бұдан әрі – ЖБ), Ұлттық Банктің салымдарына (депозиттеріне) орналастыру бойынша шоттардағы қалдықтарын көрсетеді.
Жергілікті бюджеттерін атқарылу балансы тиісті жергілікті бюджеттердің ҚБШ, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың тиісті ҚБШ, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша, Ұлттық Банк салымдарына (депозиттеріне) орналастыру бойынша шоттардағы, сыртқы қарыздар бойынша шоттағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарындағы, мемлекеттік сатып алу шоттарындағы, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың шоттарындағы, тиісті саланың жергілікті уәкілетті органдарының арнаулы шоттарындағы ақшаның қалдықтарын көрсетеді.»;
«25. 3 «Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа шоттар» шотында ұлттық валютадағы республикалық бюджет (бұдан әрі – РБ) және жергілікті бюджеттер ҚБШ, сыртқы қарыздар бойынша шоттарда, ақылы қызметтердің қайырымдылық көмек, ақшаларды уақытша орналастыру, Ұлттық қор, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың шоттарында, Арнаулы мемлекеттік қор шоты, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнаулы шоты, нысаналы қаржыландыру, сыртқы қарыз немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ, анықтағанға дейінгі сомалар шотында, Еуразиялық экономикалық одақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарында, мемлекеттік сатып алу шоттарында, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотында, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотында, сондай-ақ Ұлттық банктегі салымдарға (депозиттерге) жергілікті бюджеттердің тартылған ақшалары есепке алынады.
3-шот мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
300 «РБ ҚБШ»;
Полная версия

