«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 маусымда № 34456 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі 2024 жылғы 30 мамырдағы № 112 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Қауіпті қалдықтар бойынша есеп нысанын және Қауіпті қалдықтар бойынша есеп нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 164-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7746 болып тіркелген);
2. «Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 224 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10783 болып тіркелген);
3. «Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10976 болып тіркелген);
4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 731 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12927 болып тіркелген);
5. «Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 52 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14919 болып тіркелген).
Полная версия