Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 10.06.2024
Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелер саудасының қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10976 тіркелді
Осы Бұйрық 2024 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.05.2024 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.02.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрі 21.12.2015 жылғы № 731 Бұйрығымен (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Энергетика министрi В.Школьник
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығымен бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидалары
1. Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексіне сәйкес әзірленген және қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртібін анықтайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту жөніндегі міндеттемелер (бұдан әрі - эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелер) - экологиялық рұқсатта анықталатын және белгілі бір уақыт ішінде қоршаған ортаға эмиссияларды кезең-кезеңімен төмендетуді өзіне қамтитын табиғат пайдалану шарттары;
2) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер (бұдан әрі - эмиссияларға арналған лимиттер) - белгілі бір мерзімге арнап белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік көлемі;
3) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота (бұдан әрі - эмиссияларға арналған квота) - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінетін қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттің бір бөлігі;
4) қоршаған ортаға эмиссиялар – ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау.
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 16.02.2017 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (21.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
3. Эмиссияларға арналған квоталар мен эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді сату табиғат пайдаланушыға экологиялық рұқсат шеңберінде бөлінген эмиссияларға арналған пайдаланылмаған лимиттің бөлігін басқа табиғат пайдаланушыға (табиғат пайдаланушыларға) беру арқылы жүзеге асырылады.
4. Эмиссияларға арналған бар лимиттен және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерден аспау мақсатында табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатта белгіленген уақыт кезеңі ішінде квотаның жеткіліксіз бөлігін және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелердің бөлігін қоршаған ортаға эмиссиялардың лимиттелетін көлемінің резервіне ие басқа табиғат пайдаланушыдан сатып ала алады.
5. Егер табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссияларға арналған лимитпен және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелермен салыстырғанда қоршаған ортаға нақты эмиссиялардың резервіне ие болған жағдайда, ол эмиссияларға арналған квотаның бөлігін және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелердің бөлігін басқа табиғат пайдаланушыларға сатуға ұсына алады.
6. Эмиссияларға арналған квота саудасы және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді бір табиғат пайдаланушыдан басқасына ластаушы заттардың шығарындылары, төгінділері бойынша, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру, ашық күйде қоршаған ортада күкіртті орналастыру және сақтау бойынша жеке жүзеге асырылады.
7. Егер ластаушы заттардың шығарындыларын, төгінділерін, өндіріс қалдықтарын орналастыру, ашық күйде қоршаған ортада күкіртті орналастыру және сақтау және тұтыну объектілері арасындағы қашықтық осы табиғат пайдаланушылар үшін белгіленген санитарлық-қорғау аймақтары радиустерінің он еселенген сомасынан аспаса, қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квоталар саудасы мен эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді сатуға рұқсат беріледі.
8. К тонна (текше метр) мөлшерінде і заты бойынша бір табиғат пайдаланушыдан басқасына ластаушы заттардың шығарындылары, төгінділері бойынша эмиссияларға арналған квота саудасы мен эмиссияларды қысқарту жөніндегі міндеттемелерді беру соңғысына b тонна (текше метр) мөлшерінде j заты бойынша жеткіліксіз лимитті (эмиссияларды төмендетуге арналған міндеттемелердің мөлшері), егер мына арақатынас сақталатын болса,
Аі * К = Aj *L өтейді,
мұнда, Аі , Aj - атмосфералық ауа (су) үшін і, j заттарының салыстырмалы қауіпсіздігінің коэффициенттері. Эмиссияларға арналған квота саудасы мен эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді беру тек қана қауіпсіздіктің бір сыныбына тиесілі заттардың шығарындылары (төгінділері) бойынша жүзеге асырылады.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру бойынша эмиссияларға арналған квота саудасы және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді беру қауіптіліктің бір деңгейіне жататын қалдықтардың түрлері бойынша тең физикалық көлемдерде жүзеге асырылады.
Ашық күйде қоршаған ортада күкіртті орналастыру және сақтау бойынша эмиссияларға арналған квота саудасы тең физикалық көлемдерде жүзеге асырылады.
Эмиссияларға арналған квота саудасы және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді табиғат пайдаланушылар арасында беруге тараптарға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген экологиялық рұқсаттардың қолданылу мерзімдері шегінде жол беріледі.
9. Эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді сату (сатып алу) жөнінде мәміле жасасу үшін тараптар сатып алу-сату шартын (бұдан әрі - шарт) жасасады.
10. Тиісті экологиялық рұқсаттарды қайта ресімдеу экологиялық рұқсаттарды беретін орган, шарттың негізінде шарттың әрбір қатысушысы үшін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Полная версия