Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
 Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 442 Жарлығы
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 29 қаңтардағы
№ 442 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығы.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 23-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 17-тармағы.
4. "Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығы.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 18-тармағы.
6. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 816 Жарлығы.
7. "Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістердің 17-тармағы.
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 195 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы.
Полная версия
ИС BestProfi