Близость слов: Окончание:





Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қарашада № 17818 болып тіркелді
Редакция 14.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141 және 143-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.02.2023 жылғы № 127 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.03.2023 жылғы № 29 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.06.2024 жылғы № 231 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.06.2024 жылғы № 44 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (27.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.02.2023 жылғы № 127 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.03.2023 жылғы № 29 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) қатысты тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалаушы ұйымына (бас жобалаушы) қатысты тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мердігерге (бас мердігерге) қатысты тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қатысты тексеру парағы;
7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты тексеру парағы;
8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғалары қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
9) осы бірлескен бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
10) осы бірлескен бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалаушы ұйымына (бас жобалаушы) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
11) осы бірлескен бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мердігерге (бас мердігерге) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
12) осы бірлескен бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
13) осы бірлескен бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
14) осы бірлескен бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
15) осы бірлескен бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс объектілерінің жобаларын басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
16) осы бірлескен бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиаттарға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
Полная версия
ИС BestProfi