Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысы
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – ЖҒТК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі –төраға) басқарады, оның ғылым саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы тұлғасындағы орынбасары болады.
3. ЖҒТК құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, Ұлттық ғылым академиясының басшылары, жетекші ғалымдар, әртүрлі білім салаларының сарапшылары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және республикалық ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Ғылым саласындағы уәкілетті орган ЖҒТК-ның жұмыс органы болып табылады.
4. ЖҒТК қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның міндеттері мен өкілеттіктері
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
Полная версия
ИС BestProfi