Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
« Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 қазандағы № 717 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 қазанда № 35290 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес 
1. «Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы №404 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16707 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы»;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 566-бабының 3-тармағына, 580-бабының 4-тармағына, 584-бабының 4, 4-1 және 5-тармақтарына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
Полная версия
ИС BestProfi