БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 822 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 17 желтоқсанда № 35480 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15266 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:»;
«9. Мемлекеттік кірістер органы және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қалыптастыратын мемлекеттік кірістер органдарында олар бойынша есепке алу жүргізілетін Салық және бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп (бұдан әрі – Жиынтық есеп) бюджетке есептелген салықтық түсімдерді көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады.
«е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ИААЖ) алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары есептелген түсімдердің өзге санаттарын көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады.
Кедендік әкелу баждарының, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 26-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу туралы есептер бөлінген, бірақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер есепті күнге Қазақстан Республикасына аудармаған кедендік әкелу, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша дебиторлық берешекті көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады.»;
«11. Есептеу әдісі бойынша көрсетілетін бюджетке түсімдер салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттердің түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттер мен қарыздардың түсімдерін қамтиды. Тиісті бюджеттерге түсімдер Бюджет кодексінің 8-тарауына сәйкес көрсетіледі.»;
«30. Дебиторлық берешекті есепке алу үшін 1291 «Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетте есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты, кредиторлық берешекті есепке алу үшін 3280 «Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қолданылады.
Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің деректері Жиынтық есептің анықталмаған түсімдері мен қайтаруларын шегергендегі салықтар (төлемдер) бойынша бересі/артық төлемдер берешегінің сальдосына сәйкес келеді.
Дебиторлық берешектің құрамына банкроттардың және мәжбүрлеп таратылатын өзге де заңды тұлғалардың салық берешегінің, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік кірістер органдары республикалық бюджеттің салық түсімдері бойынша мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған берешек сомалары енгізілмейді.
Бюджетке салық түсімдері бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің құрамына бөлінген, бірақ есепті күнге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аударылмаған кедендік әкелу, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек енгізіледі.
31. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан асып кетуімен негізделген қайтарылуға жататын сома бойынша шығыстарды есептеу кезінде 7260 «Бюджетке түсетін түсімдерді азайту бойынша шығыстар» шоты қолданылады.»;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Полная версия

