Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 148-VIII
Редакция 26.02.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі: 
«11-1) баланы қабылдайтын кәсіби отбасы – ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж төртеуден аспайтын баланы алдын ала таңдамай тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына уақытша орналастыру нысаны;»;
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) баланы қабылдайтын отбасы – ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) қоспағанда, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны;»;
12) тармақша «(баланы қабылдайтын ата-аналар),» деген сөздерден кейін «баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер),» деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақша «Үкіметі айқындайтын» деген сөздерден кейін «, балалардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың екінші сөйлемі «тектері» деген сөзден кейін «, сондай-ақ қол жеткізілген келісімнің шарттары» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Ата-ананың баламен араласу тәртібін айқындау кезінде сот ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігін, сондай-ақ баланың заңды мүдделерін ескереді.»;
3) 48-бап «айғақтарды» деген сөзден кейін «, оның ішінде молекулалық-генетикалық сараптама қорытындысын» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 66-баптың 2-1-тармағындағы «алименттерді алушының немесе оның өкілінің талабы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
5) 11-тараудың тақырыбы «Ата-аналардың» деген сөзден кейін «, аталардың, әжелердің, аға-iнiлер мен апа-сiңлiлердің (қарындастардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 73-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi