БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 23 қаңтарда № 35664 болып тіркелді
Редакция 18.04.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С. Жумангарин
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.05.2025 жылғы № 44 Бұйрығымен (20.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.10.2025 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес (29.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.03.2026 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (23.10.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18174 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемеде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Стратегияны іске асыру Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталатын болады.».
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17810 болып тіркелген).
2. «Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18237 болып тіркелген).
3. «Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 53 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18839 болып тіркелген).
4. «Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Микрокредит беру бойынша субсидиялау шартының нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 8 қарашадағы № 470 және «Конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 наурыздағы № 129 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 87 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19535 болып тіркелген).
5. «Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 39 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22541 болып тіркелген).
6. «Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 41 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22560 болып тіркелген).
7. «Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24599 болып тіркелген).
8. «Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27033 болып тіркелген).
9. «Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу» және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттеу үшін микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен микроқаржы ұйымы арасында жасалатын үлгілік кредиттік шарт нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 794 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 119 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30985 болып тіркелген).
Полная версия

