БҰЙЫРАМЫН:
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 20 наурыздағы № 116-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 наурызда № 35847 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы А. Нусупов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 20 наурыздағы № 116-НҚ Бұйрықпен бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарда:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) пайдаланушының есептік жазбасы – тауар биржасының электрондық сауда жүйесінде сақталатын тауар биржасының мүшесі туралы оны тану (аутентификаттау) және биржалық сауда-саттыққа қатысу және мәмілелер жасасу үшін қол жеткізуді ұсыну үшін қажетті деректер жиынтығы;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға нақты уақыт режимінде тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне қашықтан қол жеткізу;»;
мынадай мазмұндағы 9-4 тармақпен толықтырылсын:
Полная версия

