ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 880 Жарлығы
Редакция 18.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, оныншы және қырық бірінші абзацтарын және 3-тармағының он алтыншы абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 880 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
10-тармақ 5) тармақшасындағы «нәтижелерін ұсыну мерзімдерін қамтиды.» деген сөздер «нәтижелерін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұнындағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 46-бабына сәйкес мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі операциялық бағалаудың қорытындыларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органға ұсыну мерзімдерін қамтиды.».
2. «Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығында:
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 18.08.2025 жылғы № 966 Жарлығымен (19.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)
«Республикалық бюджеттің жобасына, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
2-тармағының төртінші-алтыншы абзацтары осы жарлықтың 4-тармағына сәйкес 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«Республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
Полная версия

