Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2025
Құрылыс ресурстары классификаторын бекіту туралы (Ред. 20)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 75-НҚ бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 09.06.2025 жылғы № 88-НҚ Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығымен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс ресурстары Классификаторы бекітілсін (Ред. 20).
2. «Құрылыс ресурстары жіктеушін бекіту туралы (Ред. 19)» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және Құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 72-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп
және құрылыс министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық істері
комитеті Төрағасының
2025 жылғы «21» мамыр № 75-НҚ
бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
1. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ ӘЗІРЛЕДІ
2. Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасымен ҰСЫНЫЛДЫ
3. Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2025 ж. «21» мамыр № 75-НҚ бұйрығымен БЕКІТІЛІП КОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
4. ВЖ-001 РЕД.19 Құрылыс ресурстары жіктеуіші ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ
Осы жіктеуіш көбейтуге (көшіруге) жатпайды, жіктеуішті өз жарияланымдарында (басылымдарында) пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне сілтеме жасау міндетті
Полная версия
ИС BestProfi