Близость слов: Окончание:





Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 14764 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (15.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 24.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-5, 5-6-баптарына - баптарына «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 2-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (15.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (15.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидалары;
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2017 жылғы 3 ақпан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы «31» қаңтарда
№ 34 бұйрығымен
бекітілген
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидалары
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (15.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-5 және 5-6-баптарына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 2-1) тармақшаларына сәйкес әзірленді және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (15.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы өтеу үшін субсидиялар беру көзделеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 08.10.2018 жылғы № 695 Бұйрығына сәйкес (31.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а 15.10.2020 жылғы № 535 Бұйрығына сәйкес (25.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (15.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi