«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына, 138-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасында халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 2 маусымда № 36194 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасында аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15397 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасында аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-37 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17915 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы А. Амангельдиев
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 мамырдағы № 49 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасында халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына, 138-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын анықтамалар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формуляры – Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде қалыптастырылған және денсаулық сақтау ұйымының басшысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;
Полная версия

