Близость слов: Окончание:





Суды бастапқы есепке алу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 109-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 маусымда № 36218 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 67-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Cуды бастапқы есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Н. Нуржигитов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 4 маусымдағы
№ 109-НҚ
Бұйрыққа 1-қосымша
1. Осы Суды бастапқы есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су кодексінің 67-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) суды бастапқы есебі (бұдан әрі – СБЕ) – арнайы су пайдалануға рұқсаты бар су пайдаланушылар жүзеге асыратын жер үсті және жер асты суларын алу және (немесе) оларды тастау (су шаруашылығы теңгерімінің шығыс және кіріс бөлігінде) көлемдерін өлшеу, өңдеу және тіркеу;
2) су тарту құрылысы – су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі – объектілердің, жұмысқа қатысушылардың және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттардың тіркелуін есепке алу құжаты.
2-тарау. Суды бастапқы есепке алу тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi