Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 24 маусымдағы № 196-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
44-1-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі «аумақтық бөлімшелерімен» деген сөздер «аумақтық органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
«65-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орман қорын күзетуге қатысуы
Орман өрттерін сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызметті, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарту тәртібін уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимылы алгоритмімен белгіленеді.».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы «органдардың» деген сөзден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «әскери қызметтен,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен,» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
4-тармақтың 1)-3) тармақшалары осы Заңның 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 82-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «реттеуге қолданылмайды.» деген сөздер «реттеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мәселелерді реттеуге қолданылмайды.»;
2) 129-баптың 12-тармағының 9) тармақшасындағы «бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.» деген сөздер «бақылау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.»;
3) 144-4-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы «өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын,» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармағының 4) тармақшасы осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі 
Полная версия
ИС BestProfi